Көліктерді лизингке алу

TOYOTA ФИНАНС

Лизинг
Көліктерді лизингке алу (қаржылық жалгерлік) инвестициялық қызмет түрі ретінде лизинг компаниясының клиент өтінішіне сай белгілі бір маркалы және үлгідегі көлікті сатып алып, артынша оны лизинг алушыға иеленуге және пайдалануға беруін білдіреді. Бұл ретте Сіз ұзақ мерзімді бөліп төлеу мүмкіндігін аласыз және кәсіпорыныңыздың айналым қаражатын бизнесіңізді табысты дамытуға жұмсайсыз.

Көлік құралдары - ең танымал және табысты лизинг нысандарының бірі. Жоғары өтімділігінің арқасында көлік лизингі лизинг келісім-шарты бойынша қосымша қамсыздандыруды талап етпейді, ал сақтандырылған көліктер лизинг компаниясы үшін жасалған келісім-шартқа жеткілікті кепілдік болып табылады. Лизинг ірі, бір реттік шығындарсыз және қарыз алусыз қажетті көліктерді алуға мүмкіндік береді.

Лизинг — Сіз ойлағаннан да оңай!

Лизинг мәмілесіне әдетте төрт тарап қатысады:


Лизинг беруші — лизинг мәміле
сін жүзеге асыру барысында сатушыдан өз қаражаты есебінен мүлікті (жабдықты, көлік құралдарын, жылжымайтын мүлікті) сатып алатын және оны лизинг нысаны ретінде лизинг алушыға лизинг келісім-шартында көрсетілген ақыға, белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттармен уақытша иеленуге және пайдалануға беретін лизинг компаниясы.

Лизинг алушы — Сіз, жеке кәсіпкер немесе кәсіпорын, Сіз лизинг келісім-шартына сәйкес лизинг компаниясынан лизинг нысанын белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге және белгілі шарттармен кәсіпкерлік мақсатта уақытша иелену және пайдалану үшін аласыз.

Сатушы — жабдық жеткізуші, авто-дилер немесе риэлторлық компания, ол лизинг берушімен жасалған сатып алу-сату келісім-шартына сәйкес соңғысына өзара келісілген мерзімде және белгілі бір шарттармен Сіз таңдаған және лизинг нысаны болып табылатын мүлікті жеткізеді. Лизинг нысанын лизинг берушіге немесе лизинг алушыға жеткізуді және тапсыруды сатушы тарап жеткізуші мен лизинг беруші арасында жасалған сатып алу-сату келісім-шартының талаптарына сай жүзеге асырады.

Сақтандырушы — сақтандыру компаниясы, әдетте лизинг берушінің немесе лизинг алушының серіктесі. Ол мүліктік, көліктік қатерлерден және лизинг нысанына және/немесе лизинг мәмілесіне қатысты қатерлердің басқа да түрлерінен сақтандыру арқылы лизинг мәмілесіне қатысады.

«СК Лизинг» АҚ (бұрынғы «БТА ORIX Лизинг» АҚ) – халықаралық лизинг компаниясы, лизинг қызметтерін ұсына отырып, 10 жыл бойы клиенттерінің өсуіне және дамуына көмектесіп келеді.

Компанияның акционерлері:

45% - «БТА Банкі» АҚ, www.bta.kz

35% - ORIX корпорациясы – Токиода (Жапония) негізі қаланған біріккен қаржы тобы, әлемнің 25 елінде қаржылық қызметтер көрсетеді, www.orix.co.jp

10% - ORIX Лизинг Пәкістан (OLP) компаниясы, www.orixpakistan.com

10% - IFC Дүниежүзілік банк ұйымдары тобының мүшесі, www.ifc.org

Лизинг – ұзақ мерзімді өтеу мүмкіндігімен лизинг компаниясынан қарыз алу арқылы қажетті өндіріс құралдарын тез алуға мүмкіндік беретін құрал.

 

«СК Лизинг» АҚ стандартты шарттармен қаржыландыру ұсынады:

Лизинг мерзімі – 36 айдан бастап;

Аванстық төлем – лизинг нысаны құнының 20% бастап;

Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 14% бастап;

Сатып алу мақсаттары – жұмыс істеп тұрған бизнесті жаңарту және кеңейту;

Бизнестің жұмыс істеу ұзақтығы – кемінде 2 жыл;

Біз Сізбен қаржылық лизинг ұсынудың кез-келген шарттарын талқылауға және барлық сұрақтарыңызға жауап беруге әрқашан дайынбыз.

Біздің ұсынысымыз Сізді қызықтырады және өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастығымыздың негізі болады деп үміттенеміз.

 
Қайда хабарласу керек:
Мекен-жай: Қазақстан, Атырау, 060000,
Азаттық д-лы 66, «Рембыттехника» ғим., 3 қабат, 34 каб.

Тел.: 8 (7122) 30-62-32;25-14-16
Ұялы тел.: + 7 777 780 07 28, 8 702 216 09 70
Email: bta_orix@mail.ru.
Веб-сайт: www.leasing.kz