Тарих

TOYOTA ФИНАНС

Тойота Атырау Орталығы қайта жөндеуден кейін 2008 жылы 18 шілдеде есігін айқара ашты.

Біздің автоорталық «БИЗНЕС КАР» компаниялар құрылымына кіреді. «БИЗНЕС КАР» тобының дилерлік орталықтарында жапондық Kaizen (бизнес-үдерістерді үздіксіз жетілдіру) және Anzen (қауіпсіздік) басқару стандарттары қолданылады. 2006 жылдан бастап Тойота Атырауда Экологиялық менеджмент жүйесі енгізілді және автоорталық ISO14001 жүйесі бойынша «Lloyd’s Register Quality Assurance» сертификатына ие болды. Сондай-ақ Тойота Атырауда Тойота Сервис Менеджмент стандарттары және ISO9001 сапа стандарттары енгізілген.

Тойота Атырау Орталығы 3S тұжырымдамасы аясында жұмыс істейді:

Showroom - жеке меншік автосалон

Service Shop - заманауи сервистік станцияның болуы

Spare Parts Shop - қосалқы бөлшектер қоймасының болуы

Біздің автоорталық – Қазақстан тұрғындарына әлемдік брендтің тұнып тұрған сенімділігін сезінуге мүмкіндік беретін нағыз Toyota философиясының 1 200 шаршы метрі. Біз өз жұмысымызда жоғары сапалы қызмет көрсетуге ден қоямыз. Бұған компанияның Қазақстан Президентінің «Сервистік қызмет көрсету саласындағы үздік шетелдік инвестор» марапатына ие болуы дәлел бола алады. Сіз үшін сату, сервис жөніндегі кеңесшілердің және техникалық мамандардың кәсіби ұжымы жұмыс істейді. Мұнда Сіз көліктерге қатысты кәсіби кеңес ала аласыз, тест-драйв жасай аласыз, Trade-in қызметін пайдалана аласыз.

 

Сіз көлікті несиеге/лизингке ала аласыз, сонымен қатар бізде тиімді шарттармен көлік сатып алудың әртүрлі маусымдық бағдарламалары да бар. Бізде Қазақстан Республикасына ресми түрде жеткізілетін көліктердің бүкіл модельдік қатары ұсынылған. Біздің орталықта сатып алынған көліктерге ресми кепілдік беріледі. Біз сатылатын көліктерді барлық қажетті шығын материалдарымен және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етеміз.

 

Тойота Атырау Орталығы Тойота көліктеріне техникалық қызмет көрсетудің кең ауқымын ұсынады:

барлық мерзімді техникалық қызмет түрлерін көрсету;

компьютерлік диагностика;

маусымдық сервис;

жүріс бөлігін жөндеу, соның ішінде күрделі жөндеу жұмыстары

 

Біз 09:00 бастап 21:00 дейін аптасына 7 күн жұмыс істейміз.

Байланыс телефондары:  +7 7122-303- 303; + 7 775 030 33 03