Автокөліктерді комиссияға алу

Toyota National Geographic
Toyota National Geographic


Автокөліктерді комиссияға алу – бұл қызмет сізге, біздің автосалон арқылы өз уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдей отырып,  өз автокөлігіңізді барынша тиімді және қауіпсіз сатуға мүмкіндік береді. Сізге бұдан былай сатып алушыны іздеу туралы ойлаудың, автокөлікті көрсетуге уақыт кетірудің, оның бағасы туралы дауласудың қажеті жоқ. Сіз өз автокөлігіңіз үшін ақшаны қай кезде және қалай алатындығыңыз туралы мазаланбайсыз. Мұның барлығын біз осы қызметтің көмегімен өзімізге артамыз.

Автокөліктерді комиссиялық сату

Өз автокөлігіңіздің бағасын Сіз өзіңіз белгілейсіз, біз қажеттілігіне қарай баға бойынша өз ұсыныстарымызды береміз.
Шарт жасаймыз, автокөлікті қабылдау-тапсыру актісін жасаймыз. Қажет болған жағдайда, және сіздің тілегіңіз бойынша, шағын жөндеу және Сіздің автокөлігіңізге сату алдындағы дайындықтарды жүргіземіз.
Сіздің автокөлігіңізді сатуға қабылдай отырып, біз автокөлік үшін толық материалдық жауапкершілікті өзімізге қабылдаймыз.

Сіздің автокөлігіңізді Сіздің шарттарда сатамыз!

Біздің артықшылығымыз болып табылатыны – сатып алушыларға арналған тиімді несие беру бағдарламалары, несиелік маманның тікелей біздің Автосалонда кеңес беруі. 
Сатып алушылардың автокөліктеріне айырбастау жүйесіне сіздің автокөліктің енгізілуімен, Автосалонның жоғары өтімділігі, ал соның салдарынан, Сіздің ұсыныспен қысқа уақыт ішінде ықтимал сатып алушглардың көп мөлшері танысады, үлкен жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті қызметкерлер, автосалонның ыңғайлы орналасуы.  

Сіздің автокөлігіңіздің сәтті сатылуы үшін біз ұсынамыз:
Жақсы қорғалатын көлік тұрағы.
Сіз автокөлігіңіздің бағасын өзіңіз белгілейсіз. Сіз кез келген уақытта автокөлігіңізді алып кете аласыз. Сатудан кейін Сіз тек қана біздің қызметтеріміз үшін комиссиялық сыйақы төлейсіз және басқа ешқандай қосымша төлемдер жоқ.

Автокөліктерді комиссияға қабылдау шарттары. Комиссияға ЖҚҚБИ-да есепте тұрған, және де есептен шығарылған автокөліктер қабылданады. Автокөлікті комиссияға қабылдау кезінде шарт жасалады, автокөлікті қарап шығу және қабылдау-тапсыру актісі жасалады, автокөлік жақсы қорғалатын сауда алаңына шығарылады.
Сіздің автокөлікті сатып алу кезінде біз сатып алушымен барлық қажетті құжаттарды өз бетімізше рәсімдейміз, барлық қажетті есептесулерді жасаймыз. Автокөлікті комиссияға қою үшін қажетті құжаттар:

Жеке тұлғалар үшін:
1. Көлік құралының төлқұжаты (КҚТ)
2. Автокөлікті тіркеу туралы куәлік (егер автокөлік есептен шырғарылмаған болса)
3. Бас сенімхат (егер Сіз автокөліктің меншік иесі болмасаңыз)
4. Жеке төлқұжат

Заңды тұлғалар үшін:
1. Көлік құралының төлқұжаты (КҚТ)
2. Автокөлікті тіркеу туралы куәлік (егер автокөлік есептен шырғарылмаған болса)
3. Заңды тұлғадан өкілген сенімхат (а/к сату, агенттік шарттарды жасасу құқығымен және осы тапсырмаға байланысты құжаттарға қол қою құқығымен)
4. Автокөлік сатуға арналған фирма бойынша бұйрық (а/к VIN нөмірі көрсетілген)
5. Мөрмен расталған заңды тұлғаның деректемелері
6. Ұйымның мөрімен бекітілген салық органында есепке қою туралы куәліктің көшірмесі
7. Мөрмен бекітілген заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі.
8. ҚҚС салық төлеушісі ретінде есепке қою туралы немесе мөрмен расталған жеңілдетілген салық төлеу жүйесін қолдану туралы куәліктің көшірмесі
9. Заңды тұлға өкілінің азаматтық төлқұжаты