Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

TOYOTA ФИНАНС

Біздің компания азаматтық және әлеуметтік жауапкершілік саладағы белсенді ұстанымымен мақтана алады. Біз үшін ең маңызды қағидалардың бірі – сыбайлас жемқорлыққа төзбестік. Қазіргі уақытта компанияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар мен тетіктер кешені әзірленген және оларды жетілдіру жалғасып жатыр.

Мүдделер қақтығысы, заңды белшесінен басып шешім қабылдау, жеке пайдакүнемдік — «Toyota Tsusho Kazakhstan Auto» ЖШС басшылығы үшін де, қызметкерлері үшін де мүлдем жол беруге болмайтын қылық. Компанияда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты қолданылады. Ол корпоративтік мәдениетті жетілдіру, корпоративтік басқарудың озық тәжірибелерін ұстану және компанияның іскерлік беделін сақтау үшін компания мен оның басшылығының ашық және адал бизнестің жоғары этикалық стандарттарын бұлжытпай сақтау ниетін көрсетеді.

Егер Сізде «Toyota Tsusho Kazakhstan Auto» ЖШС қызметкерлерінің немесе серіктестерінің жол беруге болмайтын сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы сенімді ақпарат болса, кері байланыс нысаны арқылы бізге хабарлаңыз.