ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

Көліктің қоршаған ортамен өзара әрекеттестігі оның бүкіл өмірлік циклі бойы жүреді: тұжырымдамасы мен дизайнын әзірлеуден бастап, көлікті пайдалану мен тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан кезде жоюға дейін.



Жұмыс істеп тұрған көлік қозғалтқышы – біз тыныс алатын ауаның химиялық құрамына және ғаламдық ауқымда Жер бетіндегі климаттың өзгеруіне кері әсер ететін шығарындылар көзі. Ең маңызды сұрақ – осы әсерді қалай азайтуға болады?

Тойота үшін қоршаған ортаға осындай әсерді азайту көптеген жылдар бойы басты басым бағыттардың бірі болып келеді. Компанияның Экологиялық саясаты болашақта әлемдік экономикалық көзқарастың іргетасына айналатын тұрақты даму тұжырымдамасының бір бөлігі болып табылады. 100% кәдеге жарайтын, қоршаған ортаға зиянсыз көліктер жасау – Тойота үшін алдағы жылдардағы басым міндет.

Экологиялық проблемаларды талқылау көбінесе ірі компанияларға өз қызметінде қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуді және тұрақты өндірістік және экономикалық өсуді бірге алып жүру қиынға соғады деген пікірмен шектеледі. Бұл мәселедегі қалыптасқан ұстаным – компания бір уақытта осы мақсаттардың тек біреуіне ғана қол жеткізе алады, бірақ ешқашан екеуіне бірдей қол жеткізе алмайды. Тойота корпоративтік дәстүрлерінде – қол жетпеске қол жеткізу. Сондықтан, компания экономикалық және экологиялық көрсеткіштердің өзара үйлесімде өсуіне ұмтылып, экологиялық бағытта белсенді жұмыс істейді.




ISO 14001 Экологиялық менеджмент жүйесі




TOYOTA компаниясы жаһандық талаптарға жауап ретінде алдына бірқатар стратегиялық міндеттер қойды, соның ішінде экологиялық мәселені бірінші орынға шығару, көлік өндірудің, пайдаланудың және кәдеге жаратудың барлық кезеңдерінде қоршаған ортаға тиетін әсерді азайту, сондай-ақ жаһандық және аймақтық ауқымдағы көптеген басқа мәселелер, осылайша компания әлемде алғашқылардың бірі болып жаһандық ауқымда қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмысты бастап кетті. Қоршаған ортаны қорғау қозғалысына барған сайын көбірек компанияларды тарту арқылы TOYOTA әлемді едәуір таза әрі қауіпсіз етуге, табиғатты болашақ ұрпаққа сақтап қалуға тырысады. Барлық Тойота бөлімшелерінде қоршаған ортаны қорғау жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуін қамтамасыз ету үшін компания орталықтандырылған экологиялық басқару жүйесін дайындады, әрі қажетінше бөлімшелерін сертификаттап тұрады.

 

Стандартқа енгізілген жаңалықтардың маңызын түсіне отырып, Тойота Атырау Орталығы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заманауи үрдістерден қалыспауға талпына отырып, өз алдына стандарттың жаңа нұсқасына көшу міндетін қойды.

ISO 14001 - қоршаған ортаны қорғауға мүдделі компаниялар өз еркімен орындауға міндеттелетін халықаралық экологиялық стандарт.

Стандарттың жаңа нұсқасы бұрынғысынан айтарлықтай өзгеше, яғни ұйым контексті, өмірлік цикл, қатерлер мен мүмкіндіктер, сондай-ақ басшылықтың көшбасшылығының маңызының артуы және экология саласында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігі сияқты ұғымдар пайда болды; аталмыш стандартқа сәйкес экологиялық менеджмент жүйесін енгізетін және қолдайтын ұйымдарға енді қоршаған ортаны қорғау және жүйені үнемі жетілдіріп отыру міндеті артылады.

Стандартқа енгізілген барлық өзгерістерге қарамастан, компаниямыздың басшылығының және қызметкерлерінің қатысуымен экологиялық менеджмент жүйесін жаңарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.

Ал бүгін біз 2015 жылғы жаңа нұсқадағы ISO 14001:2015 халықаралық стандарты бойынша қайта сертификаттау аудитінен сәтті өткенімізді қуана хабарлаймыз.

 

Барлық жүзеге асырылған шаралардың стандарт талаптарына сәйкестігін сертификаттау органы, «Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдеріне арналған Ллойд тізілімі» Қоғамы (Lloyd's Register EMEA) растады.

Біз қоршаған ортаны үздіксіз қорғау мақсатында компаниямызда қолданыстағы экологиялық менеджмент жүйесін дамытуға және жетілдіруге ниетті екенімізді ашық мәлімдейміз.

Бұл сертификатты алу біздің компанияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық әлемдік тәжірибені пайдалану арқылы табиғи ресурстарды тұтынуды азайту, қалдықтарды басқару есебінен қоршаған ортаға қамқорлықпен қарайтынын және оған тигізетін әсерін барынша азайтатынын растайды. Біз қоршаған ортаны қорғауды әлеуметтік үлесіміз ретінде қарастырамыз және клиенттерімізбен және басқа да қоғамдық ұйымдармен белсенді жұмыс істей отырып, қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған қоғам құру үшін барлық қажетті қадамдарды жасаймыз. «Toyota Tsusho Kazakhstan Auto» ЖШС экологиялық менеджмент жүйесін сертификаттау саласы - «Көліктерді, ілеспе тауарларды бөлшек және көтерме сату, сонымен қатар сатудан кейінгі қызмет көрсетуді қамтамасыз ету».



ТТКА сертификаты



Атырау ТО сертификаты




«Экологиялық саясат»
«Toyota Tsusho Kazakhstan Auto» (Тойота Тсушо Казахстан Авто) ЖШС
/Тойота Жетысу Орталығының, Тойота Атырау Орталығының, Лексус Алматы Орталығының/

Қоршаған ортаны қорғау саясаты

 

Біз, «Toyota Tsusho Kazakhstan Auto» (Тойота Тсушо Казахстан Авто) ЖШС, Toyota және Lexus көліктерінің Қазақстандағы ресми дилері, қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылатын көлік өнеркәсібінде жұмыс істей отырып, компанияларымыздың қызметі қоршаған ортаға кері әсерін тигізуі мүмкін екенін түсінеміз. Қазіргі және болашақ ұрпақтың аман-есен өмір сүруінің негізін қалау мақсатында біздің қоршаған ортамен өзара әрекеттестігіміз барған сайын үйлесімді болуын қадағалаймыз және Қоршаған ортаны экологиялық тұрғыдан сақтау саясатын қабылдаймыз.

  1. Осы Саясат қоршаған ортаны қорғау саласында мақсаттар мен міндеттер белгілеуге негіз болып табылады және барлық қызметкерлер үшін орындауға міндетті болып саналады.
  2. Компания басшылығы осы Саясатты іске асыру және қолдау үшін жауапкершілікті өз мойнына алады және сол үшін қажетті ресурстар бөлуге міндеттеледі.
  3. Біз өз қызметімізді,

ресурстарды, қуатты және материалдарды ұтымды пайдалану,

қалдықтарды басқару,

қоршаған ортаны қорғауға талпыну,

қызметіміздің барлық кезеңдерінде қатерлердің туындауын болдырмау және олардың салдарын азайту арқылы жүзеге асырамыз.

 

Компанияларымыздың қызметі бүкіл қоршаған ортаның ластануына барынша аз себепші болуы үшін біз бар күш-жігерімізді саламыз.

  1. Біз қызметімізде өзіміз толығымен келісетін барлық заңдар мен жарлықтарды орындауға, өндірістік стандарттарды және қоршаған ортаны қорғауға қатысты кез-келген басқа талаптарды, сондай-ақ тұтынушылардың және басқа да мүдделі тұлғалардың талаптарын басшылыққа алуға ниеттіміз.

Біз қоршаған ортаны қорғау саласындағы Toyota стандарттарына сай болуға, Toyota Tsusho Corporation экологиялық саясатында және жаһандық Toyota экологиялық хартиясында (Toyota Earth Charter) мәлімделген қағидаларға сәйкес әрекет етуге міндеттелеміз. Біз қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарды үнемі қадағалауға және талдауға, олардағы өзгерістерге сай дер кезінде шара қолдануға міндеттелеміз.


  1. Біз қоршаған ортаны қорғау қызметінің нәтижелерін жақсарту үшін экологиялық менеджмент жүйесін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттелеміз.
  2. Біз Компания қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін жүйелі түрде талдауға, қоршаған ортаға тиетін теріс әсерді азайту мақсатында іскерлік шешімдер қабылдау кезінде осындай талдау нәтижелерін ескеруге міндеттелеміз.
  3. Ішкі білім беру бағдарламаларының көмегімен біз Компания қызметкерлерінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы хабардарлығын қамтамасыз етіп жатырмыз және қамтамасыз ете береміз, экологиялық аспектілердің маңыздылығын түсінудің тиісті деңгейін қамтамасыз етеміз, Компания қызметкерлері үшін экология және қоршаған ортаны қорғау бойынша тренингтер өткіземіз.
  4. Біз мүдделі тұлғалар үшін Компанияның экологиялық қызметі саласындағы ашықтықты ұстанамыз - қоршаған ортаны қорғау саласындағы Компания қызметі туралы толық және өзекті ақпаратты беруге міндеттелеміз.
  5. Біз жабдықтаушылармен және мердігерлермен қарым-қатынаста қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығын ескереміз.

Экологиялық менеджмент

ISO 14001 Экологиялық Сертификаты

 

2011 жылдың қаңтарында әлемге әйгілі халықаралық сертификаттау органы SGS жүргізген сертификаттау аудитінің нәтижелері бойынша «Тойота Мотор Казахстан» ЖШС (ТМКЗ) ISO 14001 халықаралық стандартының талаптарына сай мекеме ретінде сертификатталды.

ISO 14001 – қоршаған ортаны қорғауға мүдделі компаниялар ерікті түрде орындауға міндеттелетін, барша мойындаған халықаралық экологиялық стандарт. Бұл стандарт компанияның қоршаған ортаға әсерін анықтау үшін экологиялық саясат енгізуді және компанияның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламаларын жүзеге асыруға және экологиялық нормативтерге сай болуына мүмкіндік беретін жүйе құруды қарастырады.

Біз үшін, ТМКЗ-де, Toyota компаниялар тобына кіретін дүние жүзіндегі барлық компаниялар сияқты, қоршаған ортаға тигізетін әсерімізді барынша азайту басты басым бағыттарымыздың бірі болып табылады. Осыған байланысты ISO 14001:2004 стандарты негізінде ТМКЗ-ның қоршаған ортаға әсер ету дәрежесін анықтауға және сондай әсерді тиімді басқаруға мүмкіндік беретін экологиялық менеджмент жүйесін (ЭМЖ) әзірлеп, енгіздік.

ТМКЗ алған ISO 14001 сәйкестік сертификаты ТМКЗ табиғи ресурстарды тұтынуды азайту және өз қызметінде түзілетін қалдықтарды басқару бойынша шараларды белсенді және табысты қолданатынын растайды.

Біз, ТМКЗ, қоршаған ортаға тигізетін әсеріміз тек өз қызметіміздің шеңберінде ғана емес, бүкіл Toyota/Lexus өнімдерін тарату тізбегіне таралатынын түсінеміз. Сондықтан, іскер серіктестерімізбен, соның ішінде жабдықтаушылармен және дилерлермен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша тығыз жұмыс істейміз, олардың алтауы қазірдің өзінде ISO 14001 бойынша сертификатталған, ал біз осы іске барлық серіктестерімізді тарту жұмысын күшейтуге ниеттіміз.

Күнделікті қызметімізде біз, ТМКЗ, қоршаған ортамен үйлесімдікте тұрақты өсуге ұмтыламыз, әрі өз қызметіміз арқылы өзіміз өмір сүріп және жұмыс істеп жатқан қоғамның жан-жақты тепе-теңдікте тұрақты дамуына және нығаюына маңызды үлес қосамыз деп күтеміз.

Toyota

Экологиялық саясат

«Тойота Мотор Казахстан» ЖШС Экологиялық саясаты

 

«Тойота Мотор Казахстан» ЖШС («Компания»), Toyota және Lexus көліктерінің, қосалқы бөлшектері мен керек-жарақтарының Қазақстан Республикасындағы және Қырғыз Республикасындағы эксклюзивті дистрибьюторы, TOYOTA компаниялар тобына кіретін барлық ұйымдар сияқты, қоршаған ортаны қорғауды бизнесті табысты дамытудың аса маңызды факторларының бірі ретінде мойындайды және бүкіл әлемдегі TOYOTA компаниялар тобына ортақ қоршаған ортаға қамқорлық қағидаларын белсенді қолдауға ниетті.

Компанияның қоршаған ортаны қорғаудағы мақсаты – Toyota және Lexus көліктерін, қосалқы бөлшектерін, керек-жарақтарын жеткізу және өткізу бойынша Компанияның бизнес операцияларын үздіксіз жетілдіру арқылы Компания қызметінің қоршаған ортаға тиетін теріс әсерін барынша азайту.

Компания өз қызметінде келесі қағидаларды басшылыққа алады:

  • қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан заңнамасының және басқа да қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтау; табиғатты қорғау талаптарын үнемі қадағалау, талдау және олардағы өзгерістерге сай шара қолдану;
  • қоршаған ортаны қорғау саласындағы TOYOTA стандарттарының талаптарына сай болу, Еуропалық экологиялық Toyota саясаты мен жаһандық Toyota экологиялық хартиясында (Toyota Earth Charter) жарияланған қағидаттар рухында әрекет ету;
  • ашық диалог арқылы қоғамның экологиялық мәселелер және жаңа буын Еуро-5 көліктерін пайдалану артықшылықтары туралы хабардарлығын арттыру және экологиялық көрсеткіштері жетілдірілген көліктерді сату аясын кеңейту;
  • климаттың өзгеруінің салдарын жұмсарту үшін табиғи ресурстарды, қуатты, материалдарды ұтымды пайдалану, қалдықтарды басқару, сондай-ақ биологиялық алуан түрлілікті қорғау;
  • апаттық және басқа да күтпеген жағдайлардың туындау қатерін барынша азайту, аталғандар туындаған жағдайда әрекет ету және олардың қоршаған ортаға қатысты салдарын жұмсарту дайындығын тексеру;
  • қоршаған ортаға оң әсерді арттыру;
  • Компанияның әр қызметкерінің кәсіби дайындығын арттыру, Компанияның барлық қызметкерлерін қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқаруға тарту, Компанияның барлық бизнес-үдерістері бойынша қызметкерлердің жауапкершілігі мен өкілеттіктерін нақты үлестіру;
  • Компания қызметінің қоршаған ортаға әсерін жүйелі түрде талдау, мәлімделген талаптарға сәйкестікті бағалау, іскерлік шешімдер қабылдау кезінде талдау және бағалау нәтижелерін ескеру;
  • серіктестер мен мердігерлер таңдау кезінде олардың Компанияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарына сәйкестігін ескеру;
  • барлық мүдделі тұлғаларға Компанияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі туралы толық және өзекті ақпарат ұсыну, Компанияның экологиялық саясатына шектеусіз тұлғалар шеңберіне қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Осы Экологиялық саясат Компанияда экологиялық мақсаттарды белгілеуге және қайта қарауға негіз болып табылады және экологиялық менеджмент жүйесін үздіксіз жетілдіру және оның тиімділігін арттыру арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ Компанияның барлық қызметкерлеріне хабарланады және олардың барлығы үшін міндетті.


Кит Мэтью Симмонс
Президент
07 желтоқсан 2017 жыл

ТМКЗ ЭМЖ қолдану аясы

ТМКЗ Экологиялық менеджмент жүйесін қолдану аясы

 

Toyota және Lexus сауда белгілерімен таңбаланған көліктер маркетингі және оларды сату, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы аумағында аталған маркалы көліктерге арналған түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарды сақтау және сату.