Үлгі |
Сатылу кезеңі |
Сипаттамалары |
BJ |
1951 жылғы тамыз — 1965 жылғы қаңтар |
Жапонияның ұлттық полиция қызметі үшін әзірленген түпнұсқа Үлгі. Жапонияның бас полиция басқармасында патрульдік машина ретінде қолданылды. Үлгі Фудзи тауының алтыншы сатысына көтерілген алғашқы автокөлікке айналды. 1954 жылы оның атауы Land Cruiser болып өзгертілді. |
20-серия |
1955 жылғы қараша — 1959 жылғы желтоқсан |
Сыртқы келбеті өзгертілген, азаматтық қолданысқа арналған екінші буын моделі. Land Cruiser автокөліктерінің өзге елдерге экспортталуы және Toyota автокөліктерінің Жапония аумағынан тыс жердегі сапасы мен төзімділігін дәлелдеуі осы модельден басталды. |
40-серия |
1960 жылғы тамыз — 1986 жылғы қазан |
Жол талғамайтын көліктің үшінші буыны Land Cruiser моделіне тән сенімділігі, төзімділігі мен жүріп өткіштігі үшін бүкіл әлем бойынша жоғары бағалар мен танымалдыққа ие болды. Бұл Үлгі 24 жыл бойы сатылып келді, оны әлі күнге дейін жолдарда кездестіруге болады. |
50-серия |
1967 жылғы тамыз — 1981 жылғы шілде |
Жаңа ерекше дизайны бар толық функционалды нұсқа. Бүгінгі 300-ші сериялы модельдің алдыңғы буыны анағұрлым кең және жайлы салонымен, сондай-ақ Land Cruiser фирмалық сипатымен ерекшеленді. |
60-серия |
1980 жылғы тамыз — 1990 жылғы қаңтар |
50-серияның орнын басқан Үлгі. Үлкейтілген жолтабан енінің арқасында бағдарлық тұрақтылығы жақсарды. Жол талғамайтын көлік жеке клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жайлылықты арттыруға арналған жабдықтармен жасақталды. |
70-серия |
1984 жылғы қаңтар — біздің уақыт |
40-серияның жалғасына айналған ауыр пайдалану жағдайларына арналған heavy-duty нұсқасы әлі күнге дейін шығарылып келеді. 1985 жылы стандартты пайдалану жағдайларына арналған light duty нұсқасы, ал 1990 жылы — Prado нұсқасы шықты. |
80-серия |
1989 жылғы қазан — 1998 жылғы қаңтар |
Land Cruiser автокөліктерінің жолсыз жердегі қабілеттерін аса жоғары деңгейге көтерген Үлгі. Жабдықталу деңгейі мен жүріс сипаттамалары премиум класы талаптарына сәйкес келді. |
90-серия |
1996 жылғы мамыр — 2002 жылғы қазан |
Алдыңғы аспасы тәуелсіз алғашқы Land Cruiser. Бұл Үлгі стандартты пайдалану жағдайларына арналды және жолдағы қасиеттерін және жүрісінің жатықтығын жақсартуға ықпал еткен және осы орайда модельдің жолсыз жердегі қабілеттілігін жоққа шығармаған эксклюзивті шанағымен ерекшеленді (Prado автокөліктерінің екінші буыны). |
100-серия |
1998 жылғы қаңтар — 2007 жылғы тамыз |
80-серияның мұрагері — тәуелсіз алдыңғы аспасы бар алғашқы Үлгі. Жақсартылған жолсыз жердегі және жолдағы қасиеттерінің және жүрісінің жоғары жатықтығының арқасында бұл Үлгі тамаша жол талғамайтын көлікке айналды. |
120-серия |
2002 жылғы қазан — 2009 жылғы тамыз |
Стандартты пайдалану жағдайларына арналған бұл Үлгі қаттылығы жоғары жаңа рамаға ие болды (бұл бөлек рамасы бар алғашқы Land Cruiser) және жақсартылған жолсыз жердегі қасиеттерімен ерекшеленді. Электронды басқару жүйелері жолдағы сипаттамалары мен қозғалыс кезіндегі жайлылықты жақсартуға мүмкіндік туғызды (Prado автокөліктерінің үшінші буыны). |
150-серия |
2009 жылғы қаңтар — біздің уақыт |
Стандартты пайдалану жағдайларына арналған Үлгі анағұрлым қатты шанаққа және өткіштікті арттыруға арналған озық технологияларға ие болды (Prado автокөліктерінің төртінші буыны). |
200-серия |
2007 жылғы қыркүйек — 2021 жылғы көктем. |
100-серияның мұрагері, бөлек рамаға ие болған Үлгі. Қайта өңделген платформа шанақтың анағұрлым жоғары қаттылығын, ұзақ уақытқа төзімділігін, қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етті. |